26.12.2024
07:14
1093
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" синоптиктері 26, 27 және 28 желтоқсан күндері елімізде ауа райы қандай болатынын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде түнде температура -3-15 градус аязға дейін төмендейді, күндіз -6 градус аяздан 5 градус жылуға дейін көтеріледі. Тек елдің батысында температурада айтарлықтай өзгеріс болмайды.

Жалпы, Қазақстан бойынша көктайғақ, тұман, күшті жел, ал батыс аймақтарда көктайғақ болады деп күтілуде.