29.07.2024
15:27
768
Алдағы күндері аптап ыстық болады

Алдағы күндері аптап ыстық болады

Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Батыс антициклонының әсеріне қарамастан, солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс аймақтарда өткінші жаңбыр, найзағай, желдің күшеюі, еліміздің қиыр солтүстігінде және оңтүстік-шығыстың тауларында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Ал Сарыарқа даласында және еліміздің оңтүстігіндегі шөлді аудандарда ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Еліміздің батысында, орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында күндізгі уақытта қатты ыстық сақталады, еліміздің оңтүстік-шығысында 1 тамызда жекелеген аудандарда +41°дейін өте қатты ыстық болады деп болжанып отыр.