05.06.2023
20:15
1267

Алдағы күндері 46 градусқа дейін аптап ыстық болады

Елімізде алдағы күндері 46 градусқа дейін аптап ыстық болады деп күтілуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Синоптиктердің болжамына сәйкес, 6-8 маусымда Қазақстанның барлық өңірінде ауа температурасы 41С-46С-қа дейін көтеріледі. 

"Қазгидромет" 6 маусымда батыста аздаған жаңбыр жауады деп болжам жасады. 

Ал 8 маусымда солтүстік жаңбыр мен бұршақ жаууы мүмкін.