16.06.2025
15:29
4832
Алдағы күндері 46 градус ыстық күтіледі

Алдағы күндері 46 градус ыстық күтіледі

"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz  интернет порталы.

Синоптиктер Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік-батыс циклонының өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз сипат алады деп болжады. Ел аумағында жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел тұрады. Әсіресе, 18-19 маусым күндері солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерде қатты жаңбыр жауады, кей жерлерде бұршақ түсуі ықтимал. Ауа температурасы да айтарлықтай құбылып, кей аймақтарда төмендейді. Мысалы, солтүстік-батыс пен солтүстікте түнгі температура 17-25 градустан 15-23 градусқа дейін, ал күндізгісі 25-35 градустан 20-31 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Орталық өңірлерде түнгі ауа температурасы 18-25 градустан 15-22 градусқа дейін төмендеп, 17-18 маусымда күндіз 35-39 градусқа дейін, ал облыстың оңтүстігінде 42 градусқа дейін қатты ыстық байқалады. Алайда, 19 маусымда температура 27-32 градусқа дейін төмендейді.

Шығыс Қазақстанда түнгі температура 12-23 градустан 17-25 градусқа дейін жоғарылап, күндіз 27-35 градустан 35-39 градусқа дейін көтеріледі, кейбір аудандарда 40 градус өте қатты ыстық күтіледі. Оңтүстік-шығыс өңірде де түнгі температура 18-23 градустан 20-25 градусқа дейін жоғарылап, күндіз 35-39 градусқа дейін қатты ыстық болады. 18-19 маусым аралығында кейбір жерлерде 42 градусқа дейін көтеріледі. Ал оңтүстік аймақтарда күндіз 43-46 градусқа дейін жеткен аптап ыстық біртіндеп 30-38 градусқа дейін төмендейді деп болжануда.

Бұған дейін ыстық күнде сусыздануды қалай анықтауға болатыны туралы жазғанбыз.