12.05.2025
13:29
1173
Алдағы күндері 44 градус ыстық болады

Алдағы күндері 44 градус ыстық болады

"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің болжауынша, Иран аумағынан жылы ауа массаларының жылжуы Қазақстанның оңтүстік және орталық облыстарында жауын-шашынсыз ыстық ауа райының орнауына себеп болады. Ауа температурасы біртіндеп жоғарылап, 15 мамырда күндізгі уақытта оңтүстік өңірлерде +35…+44°С, орталықта +35…+38°С, ал Ақмола облысында да +30…+35°С дейін аптап ыстық күтіледі.

Алайда, баршаға бұл жазғы ауа райынан ләззат алу бұйырмайды: батыс және солтүстік аймақтарға циклон мен соған байланысты атмосфералық фронттар әсер етіп, жаңбыр, найзағай, кей жерлерде күшті жаңбыр мен бұршақ жаууы ықтимал.