Алдағы күндері 40 градусқа дейін ыстық болады

10 Маусым, 16:15 531

Қазақстанда 11, 12 және 13 маусымда ауа райы қандай болатыны туралы белгілі болды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, республиканың басым бөлігінде ауа райы атмосфералық фронталь аймақтарда қалыптасады, жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, 11-12 маусымда шығыста, 13 маусымда орталықта жаңбыр күтіледі.

Республиканың солтүстігінде күндізгі температура +20...+25 градус, шығыста және орталықта +22...+32 градустан +18...+26 градусқа дейін төмендейді, оңтүстікте аптап ыстық +33...+40-тан +25...+35 градусқа дейін төмендейді, ал елдің батысында ауа температурасы +33...+40 градусқа дейін көтеріледі.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: