14.02.2024
12:22
8089
Алдағы күндері 38 градусқа дейін аяз күтіледі

Алдағы күндері 38 градусқа дейін аяз күтіледі

Қазақстанда 15, 16 және 17 ақпанда ауа райы қандай болатыны белгілі болды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктер Қазақстан аумағына солтүстік-батыстан арктикалық антициклон жылжиды және бірте-бірте республиканың басым бөлігін жауып, аязды ауа райы келетінін айтады.

15 ақпанда республиканың шығысында, 16 ақпанда оңтүстік-шығыста атмосфералық фронттар әсерінен жауын-шашын болады, кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын болады.

Батыста ауа температурасы түнде 12-30, солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта 30-38 градус аяз, 16 ақпанда шығыста 18-35 градус аяз, оңтүстікте 10-30 градус аяз, 17 ақпанда оңтүстік-шығыста 15-28 градус аяз.