Алдағы күндері 34 градусқа дейін аяз болады

2 Желтоқсан 2022, 14:09 8748

Ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады

Қазгидромет синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттар жүріп өтеді, салдарынан ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, қар жауады.

Тек елдің батысында ғана ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады.

Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында бұрқасын соғып, жел күшейеді, оңтүстік және оңтүстік-шығысында тұман болады.

Түнде батыста ауа температурасы 10-22 аяз, оңтүстік-батыста 3-15 аяз, солтүстік-батыс және солтүстікте 20-30 аяз, орталықта -13, -22-ден 20-30 градус аязға дейін төмендейді.

Еліміздің шығысында 25-34 аяз, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 5-15, таулы аудандарда 15-20 градус аяз болады.

EL.KZ
Бөлісу: