Алдағы күндері 28 градусқа дейін аяз болады

14 Желтоқсан 2022, 16:12 7034

Бұл туралы Қазгидромет мәлім етті

15-17 желтоқсан аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы жалғасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

«15-17 желтоқсан аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігінде метеорологиялық жағдай орталығы Өскеменде орналасқан кең ауқымды антициклонның ықпалымен анықталады, осыған байланысты ауа райы негізінен жауын-шашынсыз және ауаның төмендеуі күтіледі. Солтүстікте ауа температурасы 23-28 градус аяз болады. Тек орталықта, оңтүстік-батыста, 17 желтоқсанда республиканың шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен қар жауып, аздаған қарлы боран күтіледі. Қазақстанның оңтүстік аймақтарында тұман күтіледі», - делінген синоптиктердің хабарламасында.

EL.KZ
Бөлісу: