14.11.2022
14:38
4953
Алдағы күндері 20 градусқа дейін аяз болады

Алдағы күндері 20 градусқа дейін аяз болады

Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz.

«Алдағы тәуліктерде елдің солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Республика бойынша бұрқасын, көктайғақ, тұман, қатты екпінді жел 15-28 м/с жылдамдықпен соғады. Аптаның соңында Солтүстік-батыс антициклонының енуімен жауын-шашынның тоқтауы және температура фоны төмендейді деп күтілуде. Ауа температурасы түнде солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс және орталықта 10-20 градус аязға, ал оңтүстік, оңтүстік-шығыста 2-10 аяз, таулы аймақтарда 10-15 градус аяз болады», - делінген хабарламада.