«Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша 11-13 тамызда күтілетін ауа райының қауіпті және апатты метеорологиялық құбылыстарына байланысты бірқатар өңірде дауылды ескертулер жарияланды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Дауылды ескертулер сақталады:
11 тамызда Қызылорда облысында күндіз қатты ыстық +36+41°С, ал 11-13 тамызда Түркістан облысында күндіз қатты ыстық +36+41°С сақталады. Екі өңірде де температуралық фонның жоғарылауына байланысты төтенше өрт қаупі сақталады.
Дауылды ескертулер күтіледі:
11-13 тамызда күндіз Алматы облысының солтүстігінде, батысында, орталығында 41 градус өте қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі ықтимал.
12-13 тамызда күндіз Жетiсу облысының оңтүстігінде 40 градус өте қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.
11 тамызда күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20, облыстың орталығында желдің екпіні 25 м/с дейін жетуі мүмкін. Күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстік жартысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік жартысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда қ.: 11 тамызда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
11 тамызда күндіз Қостанай облысының оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.
Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай қ.: 11 тамызда күндіз найзағай күтіледі.
11 тамызда Алматы облысында жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 11-13 тамызда күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі ықтимал.
Алматы қ.: 11-13 тамызда күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Қонаев қ.: 11-13 тамызда күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі ықтимал.
11 тамызда Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Талдықорған қ.: 11 тамызда жоғары өрт қаупі күтіледі.
11 тамызда таңертең және күндіз Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, ортасында жоғары өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 11 тамызда күндіз 38 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
11 тамызда күндіз Түркістан облысында 40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.
Шымкент қ.: 11 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан қ.: 11 тамызда күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
11 тамызда Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе қ.: 11 тамызда кей уақыттарда найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.
11 тамызда Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау қ.: 11 тамызда түнде және таңертең найзағай күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
11 тамызда түнде Маңғыстау облысының батысында, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтау қ.: 11 тамызда түнде найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
11 тамызда түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
11 тамызда күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық.
Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жезқазған қ.: 11 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.
11 тамызда түнде және таңертең Қарағанды облысының шығысында тұман түсуі ықтимал.
Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
11 тамызда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Петропавл қ.: 11 тамызда түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.
11 тамызда күндіз Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
11 тамызда түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
11 тамызда Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.