26.05.2023
12:16
1045
Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады

Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады

Қазгидромет республиканың басым бөлігінде ауа райы атмосфералық фронтальді бөлімдердің ықпалында болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шығыс, оңтүстік-шығыста жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыс пен оңтүстікте жауын-шашынсыз. Еліміздің батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі.

27-29 мамырда еліміздің өңірлерінде ауа температурасы жоғарылайды: батыс өңірлерде 32-37 градус ыстық болса, солтүстік-батыста 35 градусқа дейін, солтүстікте 20-30 градусқа дейін, орталықта +28 градусқа дейін, ал оңтүстікте 38 градусқа дейін ысиды.