Алдағы аптада қазақ спортшылары қандай додаларда бақ сынайды

Алдағы аптада қазақ спортшылары қандай додаларда бақ сынайды

Алдағы аптада Қазақстан спортшылары қатысатын спорттық шаралар тізімі белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

16-21 қараша – Жамбы атудан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты
Жарысқа еліміздің барлық облысынан, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 50 спортшы қатысады.

Өтетін орны: Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Меркі ауылы.

12-20 қараша – Фристайл-могулдан халықаралық турнир
Ел құрамасынан 5 спортшы сынға түседі.

Өтетін орны: Идре қаласы, Швеция.

14-22 қараша – Боччадан халықаралық челленджер жарысы
Турнирге Қазақстан құрамасы қатысады.

Өтетін орны: Манама қаласы, Бахрейн.

11-19 қараша – Киберспорттан әлем чемпионаты
110-нан астам елден 600 спортшы жарысқа қатысады. Қазақстан құрамасынан 15 спортшы бақ сынайды.

Өтетін орны: Эр-Рияд қаласы, Сауд Арабиясы.

11-20 қараша – Шахматтан Қазақстан Республикасының кубогі (финал)
Турнирге еліміздің 17 өңірінен 130 спортшы қатысады.

Өтетін орны: Алматы қаласы.