Алдағы аптада өтетін спорттық іс-шаралар кестесі белгілі болды

Кеше, 18:43 185

Туризм және спорт министрлігі 21-27 қазан аралығында елімізде өтетін спорттық іс-шаралар кестесін ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 
 
21–22 қазан – Almaty Cyber Games International өтеді.

Almaty Cyber Games International халықаралық киберспорт және ойын мәдениеті фестивалі өтеді. Турнир CS:Dota 2 және FIFA ойындары бойынша финалдық жарыстарды қамтиды. Қонақтардың арасында Иван Жарков (Marvel киноәлеміндегі Тордың дауысы), сондай-ақ танымал киберспортшылар mou, Dosia және стримерлер Leo KZ, baxadoto, Q.bro бар.
Өтетін орны: СК SADU Arena, Алматы қаласы;

22–25 қазан – Футзалдан УЕФА Чемпиондар Лигасының 2024–2025 жылдың негізгі кезеңі басталады.

«Қайрат Футзал», «Семей», «Спортинг» (Португалия) және «Халадаш» (Венгрия) командалары элиталық кезең жолдамасына таласады.
Өтетін орны: Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, Алматы қаласы;

22–26 қазан – Ерлер мен әйелдер арасында блиц және рапид бойынша шахматтан Қазақстан Республикасы командалық чемпионаты өтеді.

Қарағандыда шахматтан Қазақстанның командалық чемпионаты өтеді. Облыстардың құрамалары, халықаралық атағы бар шахматшылар, сонымен қатар рейтингі 2000+ ерлер және 1800+ әйелдер қатысады. Жеке турнир 26-28 қазан аралығында өтеді.
Өтетін орны: Нұркен Әбдіров атындағы спорт сарайы, Қарағанды қаласы;

26–27 қазан – Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасындағы Қазақстанның XXXIII баскетбол чемпионаты өтеді.

«Алматылық Легион» баскетбол клубы өз алаңында Ақтаудан келген БК «Каспий» командасын қабылдайды.
Өтетін орны: Champ1on спорт кешені, Алматы қаласы;.

27 қазан – «Астана-Ақтөбе» футбол матчы өтеді.

Қазақстан Премьер-лигасының 24-туры аясында «Астана» және «Ақтөбе» футбол клубтары Алматының Орталық стадионында кездеседі.
Өтетін орны: Орталық стадион, Алматы қаласы;
Уақыты: 18:00

27–28 қазан – Ерлер командалары арасындағы ұлттық баскетбол турнирі өтеді.

БК «Астана» және БК «Тобыл» командалары жыл сайынғы турнир аясында кездеседі.
27 қазан: 15:00 –«Астана БК» мен «Тобыл» БК
28 қазан: 20:00 –«Астана» БК мен «Тобыл» БК
Өтетін орны: Баскетбол академиясы, Алматы қаласы.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: