Алдағы аптада еліміздің спортшылары қандай жарыстарға қатысады

1 Желтоқсан, 16:25 740
2-8 желтоқсан күндері аралығындағы спорттық іс-шаралар кестесі белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
3-9 желтоқсан – Пара жүзуден әлемдік кезең
Жарысқа әлемнің 15 елінен 150 спортшы қатысады. Ел намысын 5 отандасымыз қорғайды.
Өтетін орны: Мысыр, Каир қаласы.

3-10 желтоқсан– Гандболдан Азия чемпионаты
Сары құрлық додасында Қазақстан құрамасы да өнер көрсетеді.
Өтетін орны: Үндістан, Нью-Дели қаласы.

4-10 желтоқсан – Спорттық гимнастикадан халықаралық турнир
Ел құрамасынан 8 спортшы өнер көрсетеді.
Өтетін орны: Сербия, Нови-Сад қаласы.

5-7 желтоқсан – Семсерлесуден халықаралық «Гран-При» турнирі
Турнирге Қазақстан құрамасының 8 спортшысы қатысады.
Өтетін орны: Франция, Орлеан қаласы.

5-8 желтоқсан – Дзюдодан Grand Slam турнирі
Қазақстан құрамасынан 6 палуан жүлдеге таласады.
Өтетін орны: Жапония, Токио қаласы.

5-8 желтоқсан – Құсбегіліктен республикалық турнир
Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 70 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Алматы қаласы.

6-15 желтоқсан – Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты
Әлемдік додада 5 спортшымыз сынға түседі.
Өтетін орны: Бахрейн, Манама қаласы.2014:31
 
Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: