Алдағы 7 жылдың ішінде 3,3 млн жұмыс орны ашылады – Ерлан Қошанов

11 Қараша 2022, 20:48 1469

Президентікке үміткерлердің телевизиялық дебаты өтіп жатыр

Жалпы ұлттық социал-демократиялық партиядан президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбай теледебатта кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілі Ерлан Қошановқа «Еліміздегі ауылдық жердегі халықты жұмыспен қамту шаралары қалай жұріп жатыр? Әсіресе, жастарға қандай қолдау бар?» деген сұрақ қойды, деп хабарлайды El.kz.

«Жұмыссыздық мәселесі – күрделі мәселе. Бұған байланысты ауыл-ауылды аралап жағдайды да бақылып жүрміз. Бұл мәселе кандидатымыз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағдарламасында да толық қамтылды. Алдағы 7 жылдың ішінде 3,3 млн жұмыс орны ашылады. Бұл көрсеткішке жететінімізге сенеміз. Оның ішінде 2,3 млн жастарды жұмыспен қамту үшін жүзеге асырылады. Әсіресе, ауыл жастарына. Көптеген жастар кәсіп ашқысы келеді. Бірақ оған мүмкіндік жоқ. Ол үшін Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің бағдарламасында 2,5 пайызбен несие беруді көрсетт», - деді Ерлан Қошанов.

Теледебатта кандидаттарға сұрақ қоюға 30 секунд, ал жауап беруге 2 минут уақыт берілді. Сонымен қатар, бір кандидат 2 кандидатқа ғана сұрақ қойып, 2 кандидаттың сұрағына жауап беру ережесі болды.

Миражан Махан
Бөлісу: