13.02.2023
08:25
1561
Алдағы 3 күнде еліміздің өзендеріндегі су деңгейі көтерілуі мүмкін

Алдағы 3 күнде еліміздің өзендеріндегі су деңгейі көтерілуі мүмкін

Алдағы күндері еліміздің бірнеше өңіріндегі өзендердің су деңгейі көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды El.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктер үш өңірде су тасқыны болуы мүмкіндігін ескертті. 

13-15 ақпан аралығында Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарында жаңбыр және жылбысқы қар түріндегі жауын-шашын болжанады. Сондай-ақ температуралық фонның жоғарылауына байланысты қарқынды қар еруі, еріген қар және беткейлік ағындының қалыптасуы салдарынан өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі мүмкін. Бұл ретте судың жайылуы және тасқыны болуы ескертіледі, - делінген синоптиктер таратқан хабарламада.