Алдағы екі күнде жаңбыр жауып, күн салқындайды

27 Маусым 2022, 13:40 1112

Синоптиктер 28-30 маусым күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады

Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс өңірлеріне ауысатын солтүстік-батыс циклонына байланысты бұл аудандарда найзағай ойнап, жаңбыр жауады, – деп хабарлайды El.kz порталы «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

29 маусымда солтүстік өңірлерде, 30 маусымда шығыста нөсер жаңбыр жауып, бұршақ жауады. Жел күшейіп, ауа температурасы төмендейді. Елдің тек батыс облыстарында скандинавиялық антициклонға байланысты жаңбыр жаумайды.

Бөлісу: