Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

20 Шілде 2022, 18:41 2053

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Синоптиктер республика бойынша 2022 жылдың 21-23 шілдесіне арналған ауа райы болжамын жасады, – деп хабарлайды El.kz.

Қазгидромет еліміздің басым бөлігінде, алдағы үш тәулікте солтүстік-батыс және оңтүстік циклондардың ықпалымен тұрақсыз ауа райы сақталады.

22 шілдеде республиканың шығысында қатты жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ болжанады, желдің күшеюі күтіледі. 

Еліміздің батыс өңірлерінде жылудың төмендеуі байқалады, Қазақстанның солтүстік жартысында күндізгі температура +23+28°С шегінде болады. 

Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады, тек таулы және тау бөктеріндегі аудандарда найзағай күтіледі. Ауа температурасының аздап төмендеуіне қарамастан, ол климаттық норма шегінде сақталады.

Бөлісу: