Алдағы күндері кей өңірде қар аралас жаңбыр жауады

23 Қыркүйек 2022, 15:08 2152

Жалпы ел аумағаында ауа температурасы төмендейді.

Синоптиктердің болжамынша, солтүстік-батыс циклоны Қазақстанның батыс өңірлеріне әсер етеді, содан кейін шығыс бағытта жылжып, елдің қалған аумағынада әсерін тигізеді, жаңбыр жауады, деп хабарлайды El.kz.

"25 қыркүйекте батыста, 26 қыркүйекте солтүстік-батыста және солтүстікте қатты жаңбыр, найзағай, желдің күшеюі және бұршақ күтіледі. Келесі аптаның басында Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын күтіледі, жаңбырдың соңы қарға ұласады. Қазақстанның оңтүстік-шығысында тек таулы және тау бөктеріндегі аудандарда өткінші жаңбыр жауады", - деді "Қазгидромет" РМК.

Жалпы ел аумағаында ауа температурасы төмендейді. Күндіз елдің батысында +22...+33°С-тан +9...+22°С-қа дейін; олтүстік-батыста+25...+32°С-тан +10...+23°С-қа дейін; солтүстікте +23...+30°С-тан +5...+20°С-қа дейін; орталықта +22...+32°С-тан +20...+28°С-қа дейін, Қызылорда облысында +30...+35°С-тан +17...+25°С-қа дейін төмендейді.

Бөлісу: