Алдағы күндері бірнеше өңірде қар жаууы мүмкін

6 Қазан 2022, 07:13 8180

Республиканың оңтүстігінде күн күркіреп, таулы аймақтарда жаңбыр жауып, қарға ұласуы мүмкін.

Қазгидромет алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды EL.KZ.

Аптаның екінші жартысында республиканың басым бөлігі ауқымды антициклонның ықпалында болады, солтүстік, орталық өңірлерде жауын-шашынсыз жылы ауа райы сақталады.

Аптаның соңына қарай елдің солтүстік және орталық аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде солтүстікте жаңбыр соңы қарға ұласуы ықтимал.

Республиканың оңтүстігінде күн күркіреп, таулы аймақтарда жаңбыр жауып, қарға ұласуы мүмкін.

Ауа температурасы күндіз республиканың батысында 15-23 градус жылы, орталықта 15-25 градус жылы, солтүстік жартысында 15-22 градустан 10-18 градусқа дейін жылы болады.

Елдің шығысында термометр бағаны 8-17 градустан 14-23 градусқа дейін, оңтүстікте 20-28 градусқа дейін көтеріледі.

EL.KZ
Бөлісу: