Альберт Рау: Отандық кәсіпкерлерге жағдай жасау үшін әлі де көп жұмыс істеу керек

18 Маусым 2019, 22:06 4092

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының ҚР Парламенті Мәжілісіндегі депутаттық тобының отырысында Альберт Рау сайлауалды тұғырнамадан туындайтын төрт басымдыққа тоқталды. Олар – қағидат, сабақтастық, әділеттілік, үдеріс. 

Сонымен қатар депутат жекелеген басымдықтар бойынша тұрақты және серпінді экономикалық өсу арқылы халықтың табысы артатынын атап өтті. Оның ойынша, мемлекеттік бюджетті ең алдымен сапалы жұмыс орындарын дамыту және құру мақсатына қайта қалыптастыру қажет.

«Біз 2050 Стратегиясында жоспарланғаннан 12%-ға артта қалып отырмыз. Мен мұны үнемі Үкімет назарына ұсынамын», – деді А. Рау.

Оның сөзінше, қазіргі кезеңде үшінші бесжылдықтың бағдарламасы әзірленуде. Мемлекеттік қолдау шараларының экспорттық-бағдарланған өнім алуы маңызды. Сондай-ақ экспортқа бағдарланған бәсекеге қабілетті кәсіпорындарға неғұрлым мемлекеттік қолдау көрсету қажет.

«Сонымен қатар қарапайым заттардың экономикасына үлкен көңіл бөлу керек. Бірақ БЖК-2020 бойынша даму институттары жұмыс істеп тұрған және жаңа кәсіпорындардың 1%-ға жуығына қолдау көрсететінін айта кету керек. Сондықтан да бағдарламада айтылғандай, отандық кәсіпкерлерге жағдай жасау үшін әлі де көп жұмыс істеу керек», – спикер.

Сонымен қатар ол этномәдени бірлестіктер экономика тұрғысында өз тараптарынан үлес қосуға ұмтылуы тиіс және технологиялар трансферті бойынша жұмысты жандандыру қажет екендігін атады. Бұл бағытта Германиямен әріптестікте жұмыс басталып та кетті.

«Соңғы жылы біз «Возрождение» немістер кеңесінің экономикалық құрамдастарын құрдық. Герман экономикасының Шығыс комитетімен, Қазақстандағы Герман экономикасының өкілдігімен, Герман шаруалары одағымен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды. Өткен жылы алғашқы Қазақстан-Герман аграрлық форумы өтті. Ол аграрлық сектордағы ынтымақтастық пен технологиялар трансферті үшін үлкен әлеуетті көрсетті. Қорытындысында Германияның Ауыл шаруашылық министрлігімен келісім жасалып, қазір сүт өндірушілер үшін құзыреттілік орталығын құру бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Ол ветеринариядағы, мал азығын өндірудегі үздік тәжірибе мен білімді тарататын болады. Орталық күзден бастап үш жылға дейін тағы үш жылға ұзарту мүмкіндігімен жұмыс істейтін болады. Бұл орталық осы секторда жұмыспен қамтылғандардың барлығына көмектеседі», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Осы орайда айта кету керек, Германия Индустрия 4.0. технолгиясының көшбасшысы. Оның ішінде аграрлық секторда. Қазақстан бұл тәжірибені дәйекті түрде тарататын болады – қазір екінші агрофоруммен жұмыс істеуде.

Депутат: «Бірақ Индустрия 4.0 тау-кен металлургия секторы индустрия элементтерін енгізуге барынша дайынбыз. Біз бірнеше Герман фирмаларын тарттық, өкілдік аштық. Айтпақшы, өкілдікте Германияда білім алған қазақ балалары жұмыс істейді. Экономикаға жақсы мамандар жетіспейді, бұл ретте дуалды оқыту ең тиімді. Бұл тұрғыда жан-жақты жұмыс жүргізудеміз. Үкімет колледждерді бизнеске басқаруға беруге дайын. Біз агроколледж үшін Германдық әріптестерді тартқымыз келеді. Алғашқы тәжірибе бар – Кентау трансформатор зауытының колледжіне неміс оқыту компаниясы енді», – деді.

Қауымдастық талқылауына ұсынылған «Возрождениенің» даму бағдарламасында жастар, олардың бәсекеге қабілеттілігі басымдыққа ие.

Естеріңізге сала кетейік, ҚХА Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев Қазақстанда бизнес-форум мен көрме өткізу бастамасын көтерген болатын. Ол күз айында өтеді деп күтілуде.

Альберт Раудың айтуынша, бұл форумға белсенді қатысуға дайын. Тарихи Отанына көшкен жерлес неміс этносы өкілдерінің қайта елімізге оралуына байланысты мысалдар жетерлік. Қазіргі таңда олар жеке кәсіппен айналысып, кәсіпорындарды басқарып отыр. Яғни, форумда көрсететін тәжірибе бар.

Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

Нұргүл ШАТЕКОВА
Бөлісу: