Алаяқтық үшін іздеуде жүрген күдікті әйел Түркияда ұсталды

17 Наурыз, 14:48 1057

Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық бюросының сұрауы бойынша алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген күдікті Түркияда ұсталып, елге жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция мәліметінше, әйел топ құрамында алдын ала сөз байласу арқылы Kolesa.kz сайтында автокөліктерді сату туралы хабарландыру жариялап, тұрғындарды үлкен сомаға сан соқтырып кеткен. Қазіргі таңда полиция алаяқтықтың 17 фактісін тергеп жатыр.

Күдікті Алматы қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оқи отырыңыз: 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: