Интернеттегі алаяқтықтың түрі күн санап көбейіп барады. Alayaq.net жобасының жетекшісі, заңгер Нұрсұлтан Орынбеков банктер де алаяқтармен сыбайлас екенін айтады. Сондай-ақ әнші Абай Бегейдің қызы мен өзге де блогерлердің шындығын ашып, алаяқтардың нақты қандай әдістермен әрекет ететінін түсіндірді.