31.07.2025
05:20
410
Алаяққа сенген зейнеткер 5 млн теңгесінен айырылды

Алаяққа сенген зейнеткер 5 млн теңгесінен айырылды

Павлодар облысының аумағында егде жастағы азаматтарға бағытталған "тиімді" инвестициялармен байланысты алаяқтық жағдайлары жиілеп кеткен. Осындай схемалардың бірінің құрбаны облыс орталығының тұрғыны болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Полиция мәліметінше, зейнеткер интернеттен инвестициядан түсетін кірісті уәде ететін жарнаманы көрген. Содан сайтқа тіркелгеннен кейін ол өз жинақтарын салыпты. Келтірілген шығын шамамен - 5 млн теңге. Алайда онымен байланысқан әйел ақшаны алған соң  байланысқа шығуды тоқтатқан.

Өңірде осындай схема бойынша 80-нен астам павлодарлық алаяқтардың арбауына түскен.