Алаяқ Шымкент тұрғынын «мектепке орналастырып беремін» деп миллион теңгеге сан соқтырған

6 Қараша 2023, 09:54 958

Шымкенттің  27 жастағы тұрғыны алаяққа алданып қалды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі. Ол мектеп мұғалімі болу үшін миллион теңге берген.

Өзінің алданғанын түсінген азаматша полицейге жүгінді. Жәбірленушінің сөзінше, аз ғана уақыт таныған әйел оған білім ордаларының біріне жұмысқа орналасуға көмектесуге уәде етіп, миллион теңге сұрапты. Бұл жайтты Тұран АПБ тергеушілері СДТБТ-не ҚК-нің 190-бабымен тіркеді. Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларына дереу кірісіп, нәтижесінде 36 жастағы күдікті тұрғылықты жері бойынша ұстады.

Тергеу барысында әйелдің басқа да ұқсас қылмысқа қатысы бар екені анықталып отыр. Ол бір азаматшаны «мемлекеттік бағдарламамен кезексіз пәтер мен бизнес-идеяларды іске асыруға арналған қайтарымсыз грант алып беремін» деп, 1,5 миллион теңгеге алдап кеткен.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, оның нәтижесінмен іс бойынша процестік шешім қабылданады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: