Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?29 тамыз күні Жарқайың ауданының полиция бөліміне 59 жастағы жергілікті тұрғынынан алаяқтық фактісіне қатысты өтініш келіп түскен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жәбірленушінің айғақтарына сәйкес 16 тамызда белгісіз адам оның телефонына қоңырау шалып, өзін Halyk Bank қауіпсіздік қызметінің қызметкері ретінде таныстырып, алаяқтық әрекеттердің алдын алу және оның шотындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ер адамға Rust Disk қашықтан қол жеткізу бағдарламасын жүктеу қажет деп сендірген.
Осы қосымшаны орнатқаннан кейін, жәбірленуші телефонның екінші жағында алаяқ екенін түсініп, ұшу режимін қосқан. Алайда, осы режим өшірілгеннен кейін ҚР жетекші банктерінің бірінде өтеу кестесі туралы хабарлама табылып, онда белгісіз тұлға оның атына 2,8 миллион теңгеден астам несие ресімдеген.
Өтініш берушінің айтуынша, күдіктімен телефон арқылы сөйлесу шамамен 1 минутқа созылған.
Осы фактіге қатысты полиция бөлімімен ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары