Алаяқ алтынға ұқсас әшекейлерді ломбардқа 4 млн теңгеге өткізген

18 Мамыр 2023, 20:36 654

Түркістан облысында алаяқ алтынға ұқсас әшекейлерді ломбардқа 4 млн теңгеге өткізген, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ломбардта жұмыс істейтін ер адам Жетісай аудандық полиция бөліміне арызданған. Шағымданушының айтуынша, сенімге кірген әйел алтынға ұқсас әшекейлерді алдап өткізіп, жәбірленушіге 4 млн теңге шығын келтірген.

Полиция мәліметінше, аталған факті ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алынды. Жергілікті тұрғын анықталды.

Белгілі болғандай, тұрақты тұтынушы болып күдікті әйел алғашқы уақытта алтынның өзін өткізіп, артынан әшекей алқаларды да қосып отырған. Ал ломбард қызметкерлері алтындардың жасанды екенін байқамай қалған. Осылайша жеңіл келген ақшаны бас пайдасына жаратқан, - делінген мәліметте

Қазір күдікке ілінген әйелге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

EL.KZ
Бөлісу: