Алаяқ әйел алматылықтарды 300 млн теңгеге алдады

25 Шілде 2022, 22:31 2193

Полиция өкілінің айтуынша, күдікті қазір қамауда отыр.

Тендерді жеңіп алуға көмектесетінін айтқан алаяқ әйел алматылықтарды 300 млн теңгеге алдап кеткен, деп хабарлайды El.kz.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Әуезов ауданының тәртіп сақшылары алаяқтық жасағаны үшін 37 жастағы С. есімді әйелді ұстады. 

– Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, күдікті «жақсы таныстарына» сілтеме жасай отырып, азаматтарға тендерлерге қатысуға және жеңіске жетуге уәде берген. Қазіргі уақытта С. есімді әйелдің қатысы бар 5 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығын көлемі 300 млн теңгеге жетті, – деді Әуезов аудандық ПБ бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Полиция өкілінің айтуынша, күдікті қазір қамауда отыр. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. 

Күдіктінің басқа да эпизодтарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Бөлісу: