Алан Құрманғалиев WTT Youth Contender турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алды

Алан Құрманғалиев WTT Youth Contender турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алды

Тунисте үстел теннисінен WTT Youth Contender Tunis халықаралық турнирі өтіп жатыр, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

ҰОК-нің мәліметінше, оған Азия, Африка және Еуропаның 20 елінен спортшылар қатысуда.

19 жасқа дейінгі жасөспірімдер санатында қазақстандық Алан Құрманғалиев өз тобында Тунис спортшысы Адем Халуфиді 3:1 және малайзиялық Хон Ю Тейді 3:1 есебімен жеңді.

Ол жарыстың негізгі кезеңіне өтіп, медаль үшін күресетін болды.