Алан Құрманғалиев Португалиядағы турнирдің чемпионы атанды

3 Наурыз 2023, 14:40 1088

Португалияның Вила-Реал қаласында үстел теннисінен WTT Youth Contender турнирінде 16 жасар қарағандылық Алан Құрманғалиев жеңімпаз атанды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

17 жасқа дейінгілер арасында Алан қарсыластарының бәрін ұтты. Атап айтқанда, испаниялық Франческа Каррераны, колумбиялық Хуан Рамиресті, франциялық Ной Вительді, Пуэрто-Рико өкілі Энрике Риосты, чехиялық Мартин Сипті жеңді. Сондай-ақ тағы бір испаниялық Даниэль Берзосадан, румыниялық Драгош Бужорадан айласын асырды.

Осылайша, Алан Құрманғалиев алтын медальді жеңіп алды.

EL.KZ
Бөлісу: