Қаламын қару еткендер

21 Қазан 2020, 16:27 4372

Ақмола облысы бойынша Ұлы Отан соғысы уақытында жарыққа шыққан біраз газеттерді атауымызға болады. Ақмолада 1941 жылы 3-ші сәуір күні «Угольная магистраль» газеті шықты. Газет тұрақты түрде 1941 жылдан – 1958 жылға дейін шығып отырған. Газет Қарағандыдағы теміржол қызметін, түрлі ақпараттарды, соғыс уақытындағы халықтың тарыққан жағдайын және де халық ортасынан шыққан, соғысқа қатысқан, халыққа беймәлім батырлар туралы жазған. Газеттің 1950 жылға дейін 1336 нөмірі шыққан. Газет туралы көп мәліметтер сақталмаған тек қиындылар ғана.

 

Соғыс уақытында жарық көрген газеттердің бірі «На стройках целины» газеті. 1938 жылы газеттің алғашқы нөмірі шыққан. Көбіне газетте сол уақыттағы жұмысшылар жағдайы, өлкенің тіршілігі сөз етілген. Газет 1970 жылға дейін үздіксіз шығып отырған. 1940-1945 жылдар аралығында газеттің №988 нөмірі шыққан. Газет беттерінде соғыс уақытында қағаздың да тапшы болғаны туралы мақалаларды көруге болады. Себебі, соғыс уақытында ел ішінде жұт болғанын білеміз.

Аудандық газеттердің қатарынан Журавлевка ауылы, Калинин органы және райкомитет атынан 1935 жылы 17 мамырда «Путь Ильича» газеті шыққан. Соғыстан кейін газет атауы «Колхозная победа» деп өзгертілген. Газет 1962 жылға дейін шығып отырған. 1940 жылға дейін газеттің №484 нөмірі шықса 1945 жылы газеттің №946 нөмірі шыққан.

Соғыс уақытындағы жағдай туралы жазған тағы бір газет «Простор», Атбасар ауданында 1930 жылдың 24 қыркүйек айынан бастап шыққан. Соғыстан кейін газет атауы «Знамя колхоза», «Знамя коммунизма» деп екі мәрте өзгерген. 1940 жылдан бастап газеттің №938 нөмірі шықса, 1945 жылы №1390 нөмірі шыққан. Соғыс уақытында газеттің сапасы нашарлаған. Редакторларының арқасында газет үзбей шығып отырған.

Ұлы Отан соғысы кезінде бір қалыпта шығып отырған газеттердің бірі «Маяк коммунизма» Астрахань органы, Астрахань ауданында 1939 жылы 2 тамызда шыққан. Соғыстан кейін газет атауы «Ленинская знамя» деп өзгертілген. Редакцияға соғыс уақытында газетті шығару оңай болмағаны байқалады. 1945 жылғы газет №450 нөмірін ғана қамтиды. Газетте соғыс уақытындағы шиелініс пен қатар соғыста ерлігін көрсеткен батырлар туралы да мақалалар жарияланған.

Макинск Органы Макинск аудан орталығы атынан 1934 жылдың 10 қазанынан бастап «Ленинский путь» газеті жарық көрген. Газет аудан, ауыл көлеміне тарап отырған. Газеттің таралымы жақсы өрбіген. Газет осы атаумен 1975 жылға дейін шығып отырған. Алайда соғыс уақытында газеттің таралымы жағынан қысқарғаны байқалады.

Вишневка аудан орталығынан 1935 жылдан бастап «Власть труда» газеті шыққан. Газет 1973 жылға дейін шығып тұрған көлемді баспа құралдарының бірі болып саналған. 1940 жылы газеттің шығарлымы №421 қамтыса, 1945 жылы №831 аралығында шыққан.

Осындай газеттердің қатарында «За коммунизм» газеті де бар. Газеттің шығарушы органы өзгеріп отырған. Газет 1950 жылға дейін шығып отырған. Соғыс кезеңінде газеттің №557 саны шықса 1945 жылы №1046-ға жеткен. Жалпы соғыс уақытында шыққан газеттердің көбісі тарихи шындықпен жанасады. Сол уақыттағы қиындықтар, азық-түліктің аздығы, тұрғындардың жағдайы, үкіметтің қысымы, халықтың бай, кедей деп бөлінуі т.б. туралы жазылған.

Сонымен қатар біз білмейтін, қазіргі таңда аттары Қазақстан халқына кең тарамаған батырлар туралы да көлемді ақпараттар берілген. Соғыс уақытын бейнелейтін газеттердің бірі «Отанды Қорғауда» басылымында Ақмола облысынан шыққан батырлар туралы көптеген мәліметтер сақталған. Бүгінде халыққа аттары еміс-еміс тараған, Ақмола облысы атынан Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батырлар туралы газет бетінде жазылған ақпараттарға тоқталсақ.

1939 жылы шыққан «Есіл правдасы» газетінің соғыс уақытында атауы «Тың өлкесі» өзгерген. Газеттің 1941 жылғы №61санында «Соғыс кезеңі» деп аталатын көлемді мақала жарияланған. Жалпы газеттің бұл жылғы жарияланған санының бәрінде соғыс уақытындағы қиындықтар, соғыс жағдайы туралы жазылып отырған. Тасстың тілшісі хабарлаған бұл мақалада сол уақыттағы командирі Сергей Давыдович туралы жазған. Оның ұрыс кезінде жасап жатқан ерлігі, команданы алға бастап соғысты жеңеміз деп мақсат қойғанын жазады.

Дәл осы газетте «Алтын әріппен жазылды» мақаласы жарияланған. Газетте Балтық флотының тегеурінді теңізшілерінің қолдауымен және Волхов майданы әскерлерінің қуатты шабуылы басталғаны жария етіледі. Сонымен бірге арнайы Ақмола қаласында жасақталған 310-шы атқыштар дивизиясының 1941 жылы августің ортасында Ленинград түбіне келіп гитлершілдермен соғысып жатқанын мәлімдейді. Ақмола облысынан шыққан көптеген батырлардың ерең еңбегін майдан тілшілері мақтанышпен жазады. Ақмола облысының Отрадный селосында туып-өскен жауынгер Иван Скуридің ерлікпен қаза тапқаны туралыда мәліметтер бар.

«За коммунизм» газетінде майдан әскерлеріне көмек көрсету үшін 160 мың еріктілер, 10 атқыштар дивизиясы, 14 артиллерия – пулемет батальоны, 10 партизан полькі құрылғанын мәлімдейді. Халық жасағаның алғашқы бөлімшілері 10-15 шілдеде Ленинградтың шалғай шетінде Луги, Кингисеп, Батецкая ауданында гитлершіл әсерлерге қарсы ұрысты бастағаны туралы жазды.

Дәл осы газетте соғыс жасағында арнайы еріктілер тобын құрғаны туралы жазылады олардың ішінде басым бөлігі Ақмола облысынан арнайы келгендер. Бәрінің арман, мақсаты бір «Бейбітшілік». Осы тұрғыда халық жасағаның резервті армиясы құрылған. Оның қатарында 120 мың Лениградтықтар жазылса, басым бөлігі әйелдер мен қыз – келіншіктерден құралған. Соғыста Ақмола облысынан да көптеген әйелдердің болғаны туралы жазады. Олардың барлығы қару-жарақты еркін үйреніп, өз елдеріне деген сүйіспеншілігін ұрыс алаңында қорғағанын жазады.

Соғыс уақытындағы басылымдардың барлығы әскери бөлімдердің ұрыс алаңындағы жаңалығын жазып отырған. Ауыл, аудандардан әр апта сайын майдан жасағына көмек ретінде тамақ, киім т.б керек-жарақтар жіберліп отырған.

Мұрағат қорында сол уақыттағы газет тапшылығы жөнінде жазылған құжат сақталған. Онда газеттің шеткі ауылдарға жетпейтіні, көлік жолының ауылға дейінгі қашықтығы алыс әрі жолдың өте нашар екені көрсетілген. Халықтың сауатсызданып бара жатқанына аса көңіл аударған. Ауыл дүкендерінің сөрелері босап, сауат ашуға ешқандай мүмкіндіктің жоқтығын жазады. Сонымен қатар бұйрықта газет пошта қызметіне түскеннен кейін сол күні 5 сағаттың ішінде белгіленген адресатқа жеткізілуін талап етеді. Алайда тұрғындардың ол үшін пошта жәшігін орнатылуы керектігі көрсетіледі. Біреулерде пошта жәшігі қирап жатса, тағы бірінікі орнатылмаған. Бұндай шарада пошта қызметшісін кінәләудың қажеті жоқ. Қалалық кеңестің меңгерушісі деп Лаумуллинің қолы қойылған.

Соғыс уақытында жарыққа шыққан газеттердің майдан жаңалығымен қатар ауыл – елдің жаңалығыда жарияланып тұрған. «Маяк коммунизма» газетінің 1944 жылғы № 212 саныңнда «Қауырт шақ туды» деп талатын Тельман атындағы совхоз директоры Я.Томин мен совхоздың бас агрономы А.Шабалкиннің мақаласы шыққан. Онда астық алқабын халық игілігі үшін жұмыс жасап жатқаны, егістіктерден алынған өнімдердің халыққа таратылып отырғаны, кейбір асыраушысыз қалған тұрғындарға көмек беріп, егін алқабының халық игілігіне жарап жатқаны ссөз етілген. Аудан, ауылдардағы еңбекке жарамды халықты жұмысқа шақырып, оның өтілін тамақтай беріліп отырғаны сөз етіледі. Совхозда тұқым мәселесіне ерекше назар аударылып, Саратовская -29, Народная, Лютесценс – 758 сияқты аудандардың ауа-райына бейімделген арнайы тұқым себіліп жатқанын айтады. Оның ішінде бидай тұқымдарын өндіргеннен кейін күнге кептіріп барып себілетіні туралы жазылады. Сонда өнімнің құны он пайызға артатынын өзек еткен. Барлық күштің өнім өндірісіне 10,2 есеппен өнім алып олардың мемлекет қоймасына астық құю жөнінде серт берген.

Газет беттерінде облыстың батырлары туралы да шағын мәліметтер жарияланып отырған. «Отанды қорғауда» газетінің 68-нөмірінде Секретаревьтің «Әкесі мен ұлдары» фото бейнесі бар. Мұнда қызыл әскер Шәйбеков Оралбай және оның екі ұлы – Дүсебай мен Дулатбек бейнеленген [66]. Газетте бейнеленген барлық майдан сарбаздары туралы шағын мәлімет беріп олардың ерлігі соғыста атқарған қызметі, қанша жауды қырып жойғаны, отан алдындағы борышы туралы мәліметтер бар.

«Путь Ильича» газетінде «Көктем сәулесі» мақаласы жарияланған. Онда рота командиріне оқ тиіп жараланғаны, оның орнын политрук ротаны басқарып ұрысты жалғастырады деп көрсетілген. Бұл 1943 жылы Калинин майданында орын алып және дәл осындай ерлігі үшін Көкшетау облысынан келген Сергей Давыдовичтің бұл ерлігі елеусіз қалмайтыны жазылған.

Соғыс батырларының ішінде барлық жас аралығын кездестіресіз. Олардың әрқайсысы өз елі үшін, Отаны үшін ерлікпен соғысқан. Газетте кеңес одағының батырлары туралы мәліметтер кездеседі. Солардың ішінде: «Бөлім командирі Махаш Балмағамбетов жауынгерлерін бастап Днепрдің оң жағалауына өткен. Жау оған қарай 500 автоматтарын қарсы салған.

Балмағамбетовтың алдына елді мекенді алу міндеті қойылды. Селоға кіреберісте қатты ұрыс болды. Жау пулеметтен оқ атып, біздің атқыштардың алға жылжуына кедергі жасады. Махаш пулемет тұрған үйге еңбектеп барып, терезесінен гранат лақтырды. Үй талқан болды, гитлершіл пулеметчиктер де жойылды. Ертесіне дұшпан авиация және танктың көмегімен елді пунктті қайтып алуға әрекет жасады. Бірақ, Махаш өзінің бөлімшесімен бір қадам да кері шегінбеді. Ұрыс даласында ондаған неміс солдаттарының және Махаш атып өлтірген фашист офицерлерінің өліктері қалды. Қазақ халқының екі ержүрек ұлдарына — Садық Жақсығұлов пен Махаш Балмағамбетовке — Кеңестер Одағының Батыры атағы берілді».

«Угольная магистраль» газетіде өз кезегінде соғыс уақытындағы жағдайда бейнелеп отырған. Газет не бәрі 2 беттен тұрсада шағын мақалаларды жариялай отырып бир ауданды жаңалықтармен қамтып отырған. Соғыстың зардабы ауданды қатты жымқырғаны байқалады. Онда аудан орталығының күн көрісі нашарлап елдің тұрмысының аянышты халге жеткени туралыда малиметтер бар. Кейбір ауылдардың тұрғындары шетте қалып, халық сауатының да нашарлағаны белгіленеді. Көптеген отбасылардың асырап отырған ер азаматтарынаң соғысқа кетіп ешхандай хабарсыз қалғаны туралы тағы ақпараттар жазылған. Көптеген ел азаматтарының саны азайып елде тек үлкен жастағы қариялар мен әйел саны көбейгені туралы көрсетіледі. Осы аталған мәселелердің бәрі ауыл жағдайының барлық жағынан төмендегенін, кейбір отбасы мүшелері тіпті жеуге тамақ табалмай отырғанын айтады. Газетте мақалалардан бөлек арыз шағымдар көп қамтылған. Олардың басым бөлігі жеке тұлғалардан келіп түскен. Бұл туралы аудан басшыларының да айтар уәждері газетте көрсетілген. Газет беттерінде көрініс алған тақырыптар легі өте талассыз. Бұл уақытта соғысқа бармаған ел адамдарының шаруаға жарайтынының барлығы қызмет атқарған. Олар балалар, аналар, қыздар, кемпір-шалдар. Олардың міндеті шөп шауып, алқапты суарып, колхоз малын қыстан аман алып шығу, шаруашылық есебі болған.

«Тың өлкесі» газетінде «Мақсат айқын міндет белгілі» деген мақала жарық көрген. Онда азық-түлік проблемасын шешу жолдары көрсетілген. Ел экономикасын жақсарту үшін мемлекеттің істеп жатқан жоспарлары жазылған.

Сонымен қатар газеттерде Ақмоладан арнайы соғыс майданында ерлік еткен батырлар туралы да мақалалар жарияланған. Олар, Сәрсембай Рустембеков, Рысдаулет Оразов, Дүйсенбай Шыныбеков, Бахран Раушанов, Садық Сұлтанов, Қажахметов Қожахмет сынды қазіргі таңда аты қалың халыққа танымал емес алайда сол кезеңнің нағыз батырлары туралыда мақтанышпен жазылған.

Сәрсембай Рүстембеов өз кезегінде мықты мерген болған. Қарағанды облысынан келген Сәрсембай 64 немістің көзін жойғаны туралы мәлімет бар. Батырлардың ерліктері газеттердің әр нөмірінде үлкен мақтанышпен жазылады. Майдан жүрген журналистер де бұл мақалаларды жазудың өзі оңай еместігін тілге тиек етеді. Себебі қаншама жан-жақтан зымырандай зулаған оқтардың ортасында мәлімет беріп, олардың арасында көз жұмған батырлардың ерлігін сипаттаудың өзі өте қиын деп көрсетеді.

Майданда ерлікпен соғыса білген Қожахметов Қожахмет Шучье елді мекенінің тұрғыны. Ол өзінің отан алдындағы қызметінде 10-шы атқыштар дивизиясында қызмет еткен. Оның ерлігі барша халықтың есінде болуы керек. Көптеген жаудың бетін қайтарып, олардың ішінде соғыс бастала салысымен 11 фашистті штыкпен өлтіргені көрсетіледі. Батырлардың еңбектері өлшеусіз қиындықпен келгенінде айты керек.

Соғыс майданында ерлікпен қызмет еткен бір үйдің отбасыларыда бар. Олардың ішінде ағайындылар, әкесімен баласы, бір үйдің қос батырлары ерлік көрсеткен. Газеттер тек тыныш жатқан ауыл аудандарға ғана таратылмай сонымен бірге майдан ортасында жеткізіліп тұрған. Сондай газеттердің бірі «Отанды Қорғауда» газеті. Ол майдангерлерге туған жердің жағдайын, тұрмыс-тіршілігін, ауыл, аудандардың жаңалықтарымен бөлісіп отырған. Газеттің бірінші мақсаты жаңалықпен бөлісу болса екінші бір мақсаты батырлардың көңілін бөліп сауатын ашуда болған.

Ол туралы белгілі Т.Әшімбаев газетке былай анықтама берген: «Весть о выходе газеты «Отанды қорғауда» быстро облетела весь фронт, вызвала живой интерес воинов к ней. Газета регулярно доставлялась им. Это вызвало энтузиазм у воинов, которые воспринияли газету, как глубокое уважеие к их родному языку, как заботу о них. Газета стала популярной у воинов, а редакция ее, которая помещалась в здании Главного штаба, на Невском проспекте, 2 – своего рода Постпредством республики, куда приходили бойцы и офицеры рассказать о своих ратных делах, узнавали о новостях на душих фронтах и из родных мест».

Газеттерде майдан алаңына жіберу үшін ауылды облыстан тамақ, киім, дәрі т.б. жинау үшін белгілі бір күн қойылып келіскен сағатта халық жиналып керекті заттарын салып отырған. Ол туралы газеттерде шағын жарнамалар көрсетілген. Барлық Ақмола облысындағы халықтармен батырларға тараған «Отанды қорғау» газетінде «Майдандағы қазақтар хатына жауап» негізінде төмендегідей мәлімет жарияланған, «Екі жақтан бірдей артиллерия тоқтаусыз атып жерді жаңғыратады. Аспанда самолеттер ұстауда. Дұшпан самолеттері таста жатқан бомбалар әр жерді бір ойып, сынықтарын төңірекке шашады. Осындай ұрыс жағдайында, майданның алдыңғы шебінде жер үйге Н. бөліміндегі қазақ жауынгерлері жиналды. Олардың қолдарында винтовкалары, белбеулерінде – гранаттар. Жауынгерлердің мұнда жиналу себебі туған халқының майдандағы сүйікті ұлдарының хатын есту.

Жауынгерлер мейлінше көңіл салып, қазақ халқының-өздерінің ата-аналарының, әйелдерінің, аға-інілерінің, қарындастарының – жазған хатын тыңдады. Атақты мерген – сержант Рүстембеков Сәрсембай сөз алды. Ол жүрек қозғалатын, әсерлі сөз сөйледі. Шығып сөйлеген басқа жауынгерлердің сөзінде: Отанға адал ниетпен берілгендіктің серті, Отан алдындағы борыштарын сол минутінде орындау, неміс оккупанттарына ашуланғандық, қанықас өшпендік естілді. Жауынгерлер бір ауыздан қазақ халқына жазған хатты қабыл алды.Қимыл жасап жатқан бөлімдерде де қазақ жауынгерлерінің митингтері өтті. Қазақ халқының майдандағы қазақ жауынгерлеріне жазған хаты олардың жаңа батырлық істерге рухтандырды. Майдандағы жауынгерлер бір ауыздан халқымыздың жазған хатына жауап ретінде жаңа естеліктер көрсетіп, жаңа жеңістерге жетеміз », - деді.

Осы №220 газетте Ұлы отан соғысында өзінің щеберлігімен айқасқан Әйтен Жүнісов туралы ақпараттар жазылған. Ол өз кезегінде көптеген немсістердің көзін жойған. Жоғарыдағы қрыс нәтижесін естіп-білген ол бірден жауап редіне хат жазады. Хат еңбек ері Дегтяров В.А негізделген. Онда: «Қымбатты жолдас Жүнісов! Менің пулеметімді жақсы меңгеріп алғаныңыз үшін және оны жауға қарсы көңілдегідей пайдалана білгендігіңіз үшін шын көңілімен көп-көп алғыс айтамын », деп жазған.

Дұшпанға деген өшпеншілік сезімін әскери поэзиядан да көруге болады. Майдангер оқырмандар газет редакцияларына өлең жолдап, онда шайқастарда шамы шайқалған дұшпанға деген жеккөрушілік көрінеді.

Ұлы Отан соғысы біздің еліміздегі ұлтаралық қатынастарды қатаң сынады. Батыс тарихнамасында тіпті кеңестік мемлекеттің көпұлттылығы ол үшін «күмәнді стратегиялық артықшылық» болды деген пікір де айтылды. Елдегі басшы топ тек бір ұлттан ған құралмай көп ұлтты бөлімшелерде соғыста еңбек еткен. 1940 жылы Қызыл Армияның 4,2 млн. жауынгері мен командирлерінің 61%-н орыстар, 19,6% украиндар, 4,1% белорустар, 15,3% өзге ұлт өкілдері құраған.

Отан соғысы жылдарында газеттердің барлығы «Ерлік үшін! Батырлық үшін! Ел үшін!» сияқты ұрандармен шығып отырған. Олардың негізгі мақсаты батырларды жігерлердіру еді. Соғыс майданында газеттерге арнайы сұхбаттар, мақалалар жариялайтын арнайы майдан тілшілері қызмет атқарған. Қаншама зымырандар ағып. Оқтар атылып жатқанда жұмыс атқару оларғада оңай түспеген. Газет тілшілері жинақталған мақаланы дәл уақытында жеткізіп, редакциядан толық газет күйінде шығарып отырған. Осылайша баспасөз құралдары майдан мен елдің арасындағы жаңалықты жарыса жазып,жеткізіп отырған. Ондай қызметі үшін газеттерде түрлі ордендермен марапатталған. Газетте күнделікті жаңалықтармен қатар батырлардың сауатын ашу негізінде әдеби шығармалар да жарияланып отырған. Сонымен қатар орысша жарияланған қаулы, баяндамалар, үкімет актілері, заңдар мен жарнамаларды қазақ тілінде жазып отырған. Ол батырлар үшінде туған тілге деген мақтаныш, туған үйге деген ыстық сағынышты сезіндірген. Газеттердің көп бөлігі ұранмен басталады. Оның басты мақсаты жігерлендіру. Оларды шаршатпау үшін барынша көңіл бөлу. Бір уақыт болсада батырлардың көңілін ауылдың тыныс тіршілігіне аудару. Осылайшы оларды бір сергітіп алуға деген ниет еді.

Сонымен қатар газеттерде тек күнделікті болып жатқан жаңалықтар ғана емес сонымен бірге батырлар туралы шағын ақпараттар да беріліп тұрған. Батырлар редакцияға хат жазып газетке деген алғыстарын білдіріп отырған. «Қымбатты жолдас редактор, біз капитан Кукарево бөлімінің жауынгерлері, өз тілімізде газет оқығанда өте рыза болдық. Біз үшін қам ойлаған Жданов жолдасқа жана Ленинград фронтының саясаттық бөліміне алғыс айтамыз. «Отанды қорғауда» газеті бізге ана тілімізде Сталин жолдастың баяндамасы мен бұйрығын оқып үйренуге мүмкіндік туғызды».

Қазақ жауынгерлерінің арасында пулеметшілер, артиллеристер, танкі жүргізушілері, қару ұстайтындар т.б. көптеген батырлар қызмет атқарған. Олардың барлығы туған жері үшін аямай соғысып, бостандыққа жету ұшін кек алған. Газеттерде сонымен қатар «Қазақ жастарының танымды кетері», «Батырлар өлеңі», «Бүгіңгі кеште», «Көңілде кешкі кездесу» сияқты мақалалар шығып отырған. Онда жауынгерлердің соғыс арасында сергітілу мақсатында өтіп отыратын кештер туралы жазған. Олардың арасында тек майдангер, әскери қызметкерлер ғана емес сонымен бірге жазушы, әнші, түрлі аспаптарда ойнайтын талант иеслері болғанында білеміз. Олар осында қызықты кештерде өздері шығармашылық көңіл көтеріп, өлең оқып, шәй ішіп көңілдерін бірлеген.

Соғыс уақытында шыққан газеттердің басты мақсаты, жеңіске деген жігерлендіру, жауынгер рухын көтеру, батырлыққа тәрбиелеу, оларды ерліккке, батырлыққа, қайсарлыққа, адамдық пен адалдыққа тәрбиелеу еді.

«Коммунизм нұры» газетінде запастағы аға лейтенант Тұрғынбай Мақамбетовтың «Өңкей сайып қырандар еді» мақаласы шыққан. Мақалада Ақмола облысынан шыққан Майор Арбузов, Лейтенант Көпенов, Макинка қаласынан келген аға лейтенант Балапанов, Никифиров, Қалиев сынды бірнеше Ақмолалық жауынгерлердің ерең еңбегін айтады.

Шайқастағы жауынгерлердің барлығы Ленинград үшін деген ұранмен күресуде. Олардың қай-қайсысы болмасын бұл ұранды мақтанышпен айтады. Газеттерде олардың айқасын, алдына қойған міндеттерін үнемі жазып отырды. Ол кездегі баспасөздің басты мақсаты да сол, жауынгерлердің рухын түсірмей, жеңіп шығуға деген сенімді молайту еді.

Газет беттерінде жеңіспен оралу үшін көптеген ұрандатылып жазылған мақалаларда аз емес. Оның барлығы осы жауынгерлердің жеңіспен қайтуына деген себепші болу үшін жазылып отырған мақалалар. Соғыс уақытында көптеген өндірістік жұмыстардың тоқтатылып қалғаны байқалады. Себебі олар туралы мақалалар өте аз кездеседі. Егіс алқабы, шаруашылық жұмыстары, төрт-түлік малдың басын көбейту т.б. күнделікті тіршіліктің жағдайы газет беттерінде көп кездеспейді. Керісінше қараусыз қалған көптеген басшылық мекемелері туралы мақалалр жазған. Тіпті ауылды мекендердің күнкөріс тәртібінің қиындап кейбір ғимараттардың қирап жатқандары бейнеленеді.

Соғыс уақытында білім жүйелерінің айтарлықтай нәтижесі білінбейді. Себебі жаңадан ашылып жатқан оқу-орындары туралы көп мәлімет жоқ. Оқуда жүрген халықтардың басым бөлігі қыз балалар мен жас буын.

Экономика бойынша соғыс уақытында да соғыстан кейінде біраз мәліметтер жарияланып отырған. Себебі тұрмыстың күнделікті жағдайы, шаруашылық мәселесі, халық алдында әрдайым көрсетіліп отырған.

Газеттерде тыл еңбектерінде жүрген шаруашылық қызметкерлердің қолдау түрінде шыққан митингілер, халық арасындағы болып жатқан күйгелестер, радиодан хабарлаған басқарма тобының үндеулері, түрлі белгілнеген мәтіндер, түрлі халықтардың еңбекке деген ұмтылысы, ұжымдық топтардың халққа айтқан баяндамалары шығарылып отырған. Сонымен қатар басқа елдің де жаңалықтары жарияланған. Көршілес халықтардың саяси-экономикалық жаңалықтар бейнеленіп отырған.Кеңес республикалық Одағындағы ұлттар бірлігінің жауға деген қарсы үндеуі де бар.

Сонымен бірге алдын-ала болатын әскери қызметтер орын алмас бұрын олардың қандай, қалай ұымдастырылғанын, қызмет орындалғаннан кейін осындай мәселерді газет беттеріне жазып отырған.

Сонымен бірге ұрыс кезінде өзінің батырлық, ерлік, Отан үшін соғысқан батырларды марапаттап, алғыс жариялап отырған. Олардың батырлық бейнесіне арнап мақалалар шығарған.

Соғыс уақытында газеттердің барлығы түрлі ұрандармен жариялап, газеттердің айдарларын өзгертіп шығарып отырды. Олардың негізгі атауы әр түрлі болғанымен негізге айтар ойы мен жазар мақаласы сол жауға деген өшпенділік сезімі.

Газеттерде батырлық жайында әр түрлі халықтардың танымал шығармалары жарияланып отырған. Олардың батырлығы, көрсеткен жеңісі бойынша жазылған очерктерді беріп отырған. Газеттің кейбір нөмірінде осы соғыста ерлік көрсеткен батырларда өздері туралы мақалар оқып, батырлық туралы мақалардың кейіпкері бола білген.

Соғыс уақытында батырларға арнап арнайы елді мекеннен тамақ, киім, керекті тұрмыстық жабдықтар беріліп отырған. Оларға билік тарапынан да көмек көрсетіліп, жарияланған жағдайда арнайы медициналық көмек көрсетілген. Егерде шаршаған жағдайда арнайы демалатын лагерлері болған. Әр ұрыс алаңы кезінде батырлар тарихи оқиғаның шеңберінде түрлі ерліктерін көрсетіп жандарын беріп ұрысқа қатысқан. Олардың әрбір соғыстағы еңбектері газеттерде басылып, батырлардың ерлігі ескерусіз қалмады. Соғыс даласында ерлікпен қызмет еткен батырлардың барлығы өз кезегінде елдеріне деген сағыныштарын хат арқылы жазып, отырған. Соғыста жауды талқандаған уақыттағы соңғы сағаттарда жауды талқандап, соңғы демдері қалғанша ұрыста фашистердің көздерін жойып өздері аман қалуға тырысады. Газеттерде Ақмолада шыққан батырлардың арасында жасы 16-18 аралығындағы жас буындарда кездеседі. Олардың ішінде А.Г.Зайцев, Я.Ф. Павлов, Д.Г.Тәжібаев, Б.А.Байтоқов, А.Д.Дәрібаев, Г.М Жданов, А.Т.Нұрманов, Л.Н.Жақанов, Б.Жайдаров т.б батырлар бар. Ұлы Отан соғысына барлығы Кеңес Одағындағы барлық ұлттарды бірлестіріп оның ішінде Армения, Грузия, Әзірбайжан, Грузия, Латвия, Литва, Тәжікстан, Түркмения, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан мен Эстониядан 80-нен астам жалпы одақтық дивизия жасақталған.   

Соғыс уақытында газеттердің негізгі мақсаты жауынгерлерді жігерлендіруге насихатталған. Онда жауынгерлердің батырлығы, олардың ерлігін жазып отырған. Газеттердің қай-қайсысын алсақ та, ұрандатып шығарылып отырған.

 

Сабина Кәкімжан
Бөлісу: