29.06.2024
05:25
1803
Алакөлге апаратын жолдың ахуалы қандай

Алакөлге апаратын жолдың ахуалы қандай

Жетісу облысында Алакөлге апаратын жолдарда қозғалыс ашық, асфальт төселді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алакөл көліне оңтүстік жағынан бару үшін «Талдықорған – Өскемен» автомобиль жолынан Жетісу облысындағы Үшарал кентіне жетіп, содан кейін іргелес жатқан «Үшарал-Достық» жолына өту қажет. Көл жағасымен Жетісу облысының Достық ауылына қарай өтетін бұл учаскенің ұзындығы 180 шақырымды құрап отыр. 

Ал «Талдықорған – Өскемен» автомобиль жолынан Алакөлдің солтүстік жағалауына бару үшін республикалық маңызы бар «Таскескен – Бақты» автомобиль жолына өту керек. Ұзындығы 133 шақырымды құрайтын бұл учаске Абай облысының Мақаншы ауылына апарады. Одан әрі Мақаншы ауылынан көлге жету үшін облыстық маңызы бар «Мақаншы – Жалаңашкөл» автомобиль жолымен жүруге болады.

Айта кетерлігі, Алакөл көліне жолаушылар республикалық маңызы бар «Талдықорған – Өскемен» автомобиль жолы арқылы қатынайды. Ұзындығы 768 шақырым жолға толығымен асфальт төселген.