Алакөлде жағалаудан ұзап кеткен 14 адам құтқарылды

Алакөлде жағалаудан ұзап кеткен 14 адам құтқарылды

Алакөлде ТЖД құтқарушылары патрульдеу барысында жағалаудан 20 км қашықтықтағы аралда қалып қойған 14 адамды, оның ішінде 8 баланы эвакуациялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Қайықтың ақаулығы салдарынан топ өз бетінше жағаға шыға алмай жауын-шашын мен бұршақ астында тұруға мәжбүр болған. 

Жедел-құтқару жасағының күшімен барлық зардап шеккендер құрлыққа сәтті жеткізілді. Медициналық көмек ешкімге қажет болмады.

ТЖМ суға шықпас бұрын су көлігінің техникалық жағдайын мұқият тексеріп, қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салады.