Жетісу облысы Алакөл ауданы Көктұма станциясының жанында жолаушылары бар жеңіл автокөлік қар құрсауында тұрып қалған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға орнына келген ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары вахтовканың көмегімен Ақши ауылына 6 адамды эвакуациялады. Оларға медициналық көмек қажет болмады.
Осы ретте төтеншеліктер жолға шықпас бұрын қозғалысты шектеу туралы ақпаратты ТЖМ ресми сайтындағы "шұғыл ақпарат" бөлімінен көруге кеңес береді.