Алакөл қыста да әдемі

9 Желтоқсан 2022, 12:02 2849

Алакөл – Қазақстандағыеңәдемікөлдердің бірі, әрі емдік қасиеті өте мол шипалы су. Көл суының құрамында Менделеев кестесіндегі барлық элементтер кездеседі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жұмсақ суы тері ауруларына таптырмас ем. Ал құрғақ тұзды ауасы тыныс жолдары, өкпе дерттеріне дауа. Сонымен қатар, көл жағасындағы балшықтың да пайдасы мол. Ол тірек-қимыл, жүрек-тамыр және жүйке жүйелеріне жағымды әсер етеді. Осындай жанға да, тәнге де шипа көлдің жағасынан жаздың күні демалушылар үзілмейді. Туристер еліміздің түкпір-түкпірінен, алыс-жақын шет елдерден ағылып жатады.

Фото: Марат Амиров

Дәл осы Алакөл жағасында қысқы туризмді де дамытуға мүмкіндік мол. Атап айтқанда мұз үстінде балық аулау қызықты әрі жан тыныштандырар жағымды демалыс болары сөзсіз. Алакөлде қыста мұздың қалыңдығы жарты метрге дейін жететінін ескерсек қауіпсіздік мәселесіне алаңдамауға да болады.

Фото: Марат Амиров

Көлде көксерке, сазан, алабұға, салпыерін, және мөңке балықтары тірішілік етеді. Сондай-ақ, бірқазан, ақбас үйрек, фламинго және қарабай сияқты сирек кездесетін құстарды да кездестіруге болады.

EL.KZ
Бөлісу: