Алғысымыз шексіз

2 Наурыз 2018, 11:24 1948

Мұны Алғыс айту күніне орай, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы мен ең танымал «Көкшевидеограмм» паблигі ұйымдастырған интернет байқау тағы бір мәрте дәлелдеді. Байқаудың географиясы кең. Оған Ақмола және Солтүстік Қазақстан облысының аудан орталықтарынан, Семей мен Астана қаласынан, Польша Республикасынан қатысушылардың бас-аяғы 21 жұмысы ұсынылды.

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ринат Галлямов құттықтау сөзінде Алғыс айту күні – бұл еліміздің барша азаматының бір-біріне құрмет көрсетудің тағы бір мүмкіндігі, ортақ тарихымызды қадірлеп құрметтеу күні, өзара жәрдем, қолдау көрсету мен ықылас таныту күні екенін атап өтті. Бұны байқау жұмыстарында жүректен шығып, естілген сөздер де нақтылайды. Қуантарлық бір жәйт. Байқауға қатысушылар - 4 жасар Еркеназ Сәбит және 8 жасар Дарья Шигринаға ынталандыру сыйлығы берілді.

Барлық қатысушы диплом мен естелік сыйлық алды. Әлішер Нұркенов пен Ақмаржан Ауғанбек смартфон иегерлері атанды. Ал, басты сыйлық – үй кинотеатры Ілияс Нұғымановқа бұйырды.

 

 

 

 

 

 

Бөлісу: