Алғыс айту күні — ортақ тарихи тағдыр және бірліктің символы

1 Наурыз 2018, 09:40 4476

Алғыс айту күніне орай М.Х.Дулати атындағы ТарМУ бас ғимараты, Тұңғыш Президент атындағы мәжіліс залында  «Алғыс айту күні – Қазақстан халқының ортақ тарихи тағдыры және бірліктің символы» деп аталатын Жамбыл облысы ҚХА ҒСТ-ның кеңейтілген отырысы өтті. Кеңейтілген отырысқа ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктерінің төрағалары, ПОҚ, ҒСТ мүшелері, магистранттар мен студенттер және БАҚ қатысты.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылдың 14 қаңтардағы Жарлығына сәйкес 1 наурызда елімізде Алғыс айту күні атап өтіледі. Бұл күн этносаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін, жалпыхалықтық институт – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні.

Мемлекет басшысының 2018 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Еліміздің әлеуметтік-экономикалық табыстарының негізі – біздің басты құндылықтарымыз ретінде қала беретін азаматтық бейбітшілік, ұлтаралық және конфессияаралық келісім» деп атап көрсеткені тегін емес.

Алғыс айту күні – біздің ортақ тарихымызды құрметтеудің белгісі, әр алуан ұлт өкілдерінің өз Отанына айналған киелі қазақ жері мен кеңпейілді қазақ халқына терең тағзымның белгісі.

Аталған іс-шараның мақсаты — қазақстандық қоғамның рухани-адамгершілік дамуы, көпұлтты  Қазақстандағы бейбітшілік пен келісім идеалдарын нығайту тұрғысында алғыс феноменінің әлеуметтік-мәдени маңызын көрсету. Қоғамдық сананы жаңғырту жағдайында біртұтас азаматтық сәйкестілікті қалыптастыру және біріктіру үдерістерінде азаматтық қоғам институттары мен ғылыми-сараптамалық топ арасындағы диалогтың рөлін анықтау.

Бүгінгі іс-шараның модераторы – М.Х.Дулати атындағы ТарМУ ректоры, п.ғ.д., профессор, Жамбыл облысы ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлы болып табылады.

Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Маржан Қожаева қатысушыларды құттықтап өз сөзін бастап кетті.

Алғыс айту күні — ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президентіміздің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың, миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.

Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы — еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні,- деп айттып өтті.  

Альбина Тапаева Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бас сарапшысы, «Жамбыл облысының этникалық топтарының дәстүрлері мен мәдениеті» атты энциклопедиясын таныстырды.

Жамбыл облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жобалар мен іс-шаралар реестріне 2 кіші жоба енгізілген «Жамбыл облысының этникалық топтарының дәстүрлері мен мәдениеті» энциклопедиясын шығару және энциклопедия негізінде интерактивті карта құру жобасы бүгінгі таңда өз жұмысын бастады. Жоба мақсаты: аймақтағы мәдениетаралық өзара іс-қимылдың және ұлтаралық келісімнің оң потенциалын зерделеу және насихаттау, қоғамның интеграциясы мен шоғырлануына ықпал ететін аймақ халқының әртүрлі іс-шараларын әзірлеу. Сондай-ақ, Жамбыл облысындағы этникалық топтардың мәдениетінің алуан түрлілігіне деген төзімділік қасиеттерінің патриотизм мен азаматтық сана-сезімнің өсуіне және қазақстандық біртектілікке ықпал ететін білім беру және мәдени іс-шараларды өткізу.

Жиында Жамбыл облысы ғылыми-сараптамалық тобының құрамына өзгерістер енгізілді.

Бөлісу: