Алғыс айту күні – халық бірлігінің белгісі

3 Наурыз 2018, 11:21 2809

 

2018 жылдың  27   ақпан күні  Атырау инженерлік –гуманитарлық институты «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасы және Атырау медициналық колледжінің ұйымдастыруымен 1 наурыз –Алғыс  айту күніне орай  «Ұлт ұлысқа ортақ үй-Қазақстан»,  «Шын жүректен мың алғыс»    тақырыптарында  дөңгелек үстел  өткізілді.

Аталған іс-шараға Атырау мұнай және газ университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы,  «Светоч» славян, «Таврос» армян, «Татулық» татар-башқұрт этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен төрайымдары,  медициналық колледжінің профессор-оқытушылар мен студенттері, «Қоғамдық Келісім» КММ-нің қызметкерлері қатысты.

Шараның мақсаты: 1 наурыз  Алғыс айту күнін ерекше насихаттау, татулықты қастерлеуде  ұлттар достастығын күшейту, жастар арасында патриоттық сезімді  тәрбиелеу.

Шара барысында мемлекеттік және орыс тілінде  жоғарғы оқу орындарының студенттерінің  баяндамалары  тыңдалды. Әр баяндама сайын өзге ұлт өкілдері тіліндегі концерттік бағдарламасы тамашаланды.

Сондай-ақ, мемлекетімізде жүргізіліп жатқан игілікті істеріміздің барлығы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатымен байланысты. Отан, достық, бейбітшілік деген киелі ұғымдарды тек біздер ғана емес,  басқа да халықтар өз тілінде айтып бейбіт  өмір сүруге шақыруәрбір азаматтың борышы.

Еліміз аман, халқымыз тыныш болсын, Алғыс күніміз құтты болсын6 ағайын!

 

 

Бөлісу: