Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЕліміздегі акушерия саласындағы клиникалық хаттамалар жаңартылды, деп хабарлайды El.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Жүкті әйелдерге, босанатын әйелдерге және босанған әйелдерге сапалы медициналық көмек көрсету үшін Денсаулық сақтау министрлігі ғылыми республикалық орталықтардың профессор-оқытушылар құрамының жұмыс тобымен және елдің 6 медициналық ЖОО-мен бірлесіп акушерлік саласындағы диагностика мен емдеудің 7 клиникалық хаттамасын әзірлеп, бекітті.
Клиникалық хаттамаларды әзірлеу кезінде халықаралық тәжірибе зерделеніп, ДДҰ-ның соңғы ұсынымдарын ескере отырып өзгерістер енгізілді.
Клиникалық хаттамалар ұсынымдық сипатқа ие және емдеуді диагностикалау тәртібін, оның ішінде дәрілік заттардың медициналық технологияларын қолдануды айқындайды.
«Босануды басқару», «Босануды индукциялау», «Акушериялық қан кету», «Жүкті әйелдердегі гипертензиялық жағдайлар» сынды маңызды клиникалық хаттамаларды әзірлеу барысында жүкті әйелдердегі ауыр асқынуларды талдау нәтижелері бойынша анықталған барлық проблемалық мәселелер ескерілді. Медициналық жоғары оқу орындарының профессорлары, клиникалық хаттамаларды әзірлеушілер онлайн режимде әрбір өңірдің практикалық денсаулық сақтау қызметкерлері үшін жеке-жеке түсіндіру семинарларын өткізеді, - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Барлық ұсынымдардың сапалы орындалуын және жаңа хаттамалардың талаптарын қамтамасыз ете отырып, медицина қызметкерлері жүктіліктің ауыр асқынуларының алдын алуға, сондай-ақ босанудың және дені сау баланың туылуының қолайлы нәтижесіне қол жеткізуге мүмкіндік алады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?