Акула оқушының басын жұлып алған

29 Тамыз, 13:38 2449

Ямайкадағы Фолмут қаласында 16 жастағы жасөспірім ақ акуланың құрбаны болды. Бұл туралы Jamaica Observer-ге сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жергілікті тұрғындардың сөзіне қарағанда, жыртқыш жас жігіттің басын жұлып алып, денесін де тілім-тілім еткен.

Қайтыс болған жасөспірімнің әкесінің айтуынша, ұлы дүйсенбі күні су астында балық аулауға кеткен.

«Бармайсың» деген сөзімізді тыңдаған жоқ. Содан үйге оралмады, - деді ұлынан айырылған әке.

Келесі күні оны іздеуге жергілікті балықшылар мен дайверлер аттанған. Олар оқушының денесін тапқан, алайда денеде бас пен сол қол болмаған.

Жақындау жерден үлкен ақ акуланы көрдік. Аттық, бірақ тигізе алмадық, ол кетіп қалды, - деді іздеу операциясына қатысқан балықшылардың бірі.

Жергілікті тұрғындар акулалардың адамдарға шабуылы соңғы жылдары жиілеп кеткенін айтады. Енді олар жыртқыш балықты тауып, оны өлтіруді көздеп отыр.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: