Актриса Әсел Сәдуақасова Дубайға қоныс аударды

24 Қазан 2023, 15:52 1453

Актриса Әсел Сәдуақасова Дубайға уақытша қоныс аударғанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мағжан екеуіміз көктемде, Балиде тұрғанымызда шешім қабылдағанбыз. Біз күзде біраз уақыт Дубайда тұрамыз деп шештік. Міне, сол сәт келді. Бақыттымын. Күйеуімнің келгенін күтіп, өз ұямызды дайындаудамын, - деп жазды актриса.

Айта кетейік, бұған дейін актриса Әсел Сәдуақасова өзінен 7 жас кіші жігітке тұрмысқа шығып, дүркіретіп той жасаған еді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: