7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Ақмола облысының Зеренді ауылында балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі ашылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Нысан елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер қаражаты есебінен салынған. Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан 2,1 млрд теңге бөлген. Ауданы 6 мың шаршы метрден асатын спорт мектебі ауысымда 90-ға дейін балалар мен жасөспірімдерді қабылдай алады. Мекеме аумағында шаңғы жарысы, күрес және бокс секциялары ашылды. Бұл жастарға өздерін қызықтыратын спорт түрін таңдауға және өз дағдыларын дамытуға қосымша мүмкіндіктер туғызады. Заманауи жабдықтар мен кең залдар жаттығу жасауға ыңғайлы жағдай жасайды.
Спорт мектебінің салтанатты ашылуына ҚР Бас прокуроры Берік Асылов пен Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қатысты.
Айта кетейік, бұған дейін өңірде қайтарылған активтер қаражатына Алтынды, Арнасай, Жаңаесіл және Шалқар ауылдарында 4 медициналық мекеме салынып, пайдалануға берілген болатын.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?