Активтерді елге қайтару туралы заңды жүзеге асыруда Үкімет арқасын кеңге салып отыр – Бәпи

1 Қыркүйек 2023, 16:00 974

Депутат Ермұрат Бәпи алдағы жоспарларымен бөлісті

Депутат Ермұрат Бәпиден демалыстан қандай тың идеялармен келгенін сұрадық, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Бұған дейін ол Парламент палаталарының бірлескен отырысына балдақпен келгенін жазғанбыз

Өңірлерді аралауға мүмкіндік болған жоқ. Төрт қабырғада жатқан кезде неше түрлі ой келеді. Әлеуметтік желі бар. Оқи келе, көре келе біраз ой туды. Активтерді елге қайтару туралы заң қабылдадық. 25 күннің ішінде қабылданды. Асығыс-үсігіс қабылданған шешім болды. Одан бері екі ай уақыт өтті. Оны жүзеге асыратын өкілетті орган не комиссия құрылған жоқ. Бұл мәселені көтеру керек. Өйткені Үкімет пен атқарушы органдар арқаны кеңге салып отыр. Президент жолдауында да активтерді елге қайтарудың маңызы туралы айтылды, - деді ол.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: