12.12.2023
15:14
5432
Актер Азамат Сатыбалдының анасы өмірден өтті

Актер Азамат Сатыбалдының анасы өмірден өтті

Бұл туралы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры мәлім етті, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театрымыздың артисі Азамат Сатыбалдының анасы - Сұраппаева Орынкүл Махатқызы өмірден өтті, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, маусым айында Азамат Сатыбалды Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті болып тағайындалған еді.