Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары қайтыс болды

13 Маусым 2023, 12:05 860

 Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиев қайтыс болды6 деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол ұзаққа созылған сырқаттан қайтыс болған.

Полиция полковнигі Жандос Дүйсебайұлы Мұраталиев  1975 жылы 2 қаңтарда Алматы облысында туған.

 Бұл орны толмас қазада қайғыларына шын жүректен ортақтастығымызды білдіргіміз келеді. Бұл – бәріміз үшін мезгілсіз келген қайғы, өкініш... Жандос Дүйсебайұлы біздер үшін тек әріптес қана емес. Ол - адал, үлгілі әке, мейірімді жан, ақылшы дос болды. Үлкен жүректі, жаны жайсаң азамат еді. Алла оның жанына тыныштық беріп, жәннатта етсін! Ішкі істер органына сіңірген зор еңбегі жадымызда мәңгі сақталады, - делінген комитет жазбасында. 

EL.KZ
Бөлісу: