«Әкімдіктің қателігі». Скляр Сарандағы жылу қазандықтары жайлы айтты

30 Қазан, 12:49 516

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Саранда жаңадан қосылған жылу қазандықтарына қатысты болған олқылық туралы пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Склярдың сөзінше, жергілікті қазандықтар екі жарым күн ішінде ауыстырылған. Сонымен қатар 31 мың тұрғыны бар қалада мұндай қазандықтар саны небәрі 18 екендігін еске салды.

Әкімдіктің қателігі – олар резервке мән бермеген, тамыз айында сынақтан өтіп, республикалық бюджеттен 9 млрд теңге бөлінген жаңа қазандық бірден іске қосылады деп үміттенген. Олар резервті сақтауы керек еді, - деп қорытындылады Роман Скляр.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: