Әкімдікке кандидаттар сайлау алдындағы үгітті бастады

11 Қазан 2023, 15:45 756

10 қазанда аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдігіне кандидаттарды тіркеу кезеңі аяқталып, сағат 18.00-де сайлау алдындағы үгіт кезеңі басталды. Ол 4 қарашада сағат 00.00-ге дейін жалғасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сайлау туралы Конституциялық заңда көрсетілгендей, үгіт төрт жолмен жүзеге асырылады: БАҚ арқылы, сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізу арқылы, баспа, дыбыс-бейне және өзге де үгіт материалдарын шығару және тарату, сондай-ақ онлайн-платформалар арқылы.

Әкімдікке кандидаттар үшін Конституциялық заңда сайлау қорларын қалыптастыру көзделмегендіктен, олар азаматтарды үгіттеуді тек мемлекеттік қаржыландыру есебінен жүзеге асыруға құқылы.

Оларға өз бағдарламаларымен тек бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеу үшін қаражат бөлудің тең көлеміне кепілдік беріледі:

- теледидарда 15 минут (тікелей эфирде немесе жазбада);

- радиода 10 минут;

- Мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда жарияланымдар үшін 0,1 баспа парағынан аспайтын 2 мақала (баспа парағы деп ауданы 540 см², 60х90см форматтағы қағаз парағын түсіну керек. 0,1 баспа парағының көлемі 540 см² ауданға тең, бұл А-2 форматындағы газет жолағының ¼ құрайды).

Өз кезегінде кандидаттардың үгіт материалдарын сайлау алдындағы үгіт басталғанға дейін кемінде 5 күн бұрын (5 қазанға дейін) аумақтық сайлау комиссияларына эфир мен баспасөз бетінен орын алаңын берудің төлем мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді жариялаған және ұсынған БАҚ-тар ғана жариялауға құқылы.

Бұқаралық ақпарат құралдары сайлау заңнамасына сәйкес өз қызметтерін тіркелген кандидаттарға келісімшарт негізінде ұсынатындығын есте ұстауы керек. Үгіт материалдарын жариялау үшін шарттың талаптары қандай да бір кандидатқа артықшылық бермеуі тиіс. Үгіт материалдарын орналастыруға келісім, бұқаралық ақпарат құралы кандидаттардың біріне үгіт материалдарын басқа кандидаттарға орналастыруға келісім болып табылады.

Сонымен қатар ақпараттық және аналитикалық бағдарламаларда үгіт материалдарын таратуға тыйым салынады.

Кандидаттар үшін сайлаушылармен кездесулер өткізу мүмкіндігі қарастырылған. Сайлау комиссиялары әкімдіктермен бірлесіп бөлінген үй-жайларда осындай кездесулердің кестесін жасайды және оны міндетті түрде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.

Барлық үгіт материалдары таңбалануы керек, яғни оларды шығарған ұйым, олардың басып шығарылған жері, таралымы, тапсырыс берген адамдар және қандай қаражат төленгені туралы мәліметтер көрсетілуі керек екеніне назарларыңызды аударамыз. Тиісінше, көрсетілген мәліметтер болмаған кезде үгіт материалдары анонимді деп танылады, оған қатаң тыйым салынады. Бұдан басқа, барлық үгіт материалдары Қазақстан Республикасының аумағында дайындалуы тиіс.

Үгіт материалдары әкімдіктер сайлау комиссияларымен бірлесіп айқындаған арнайы орындарда, сондай-ақ өзге де объектілерде, бірақ меншік иесінің жазбаша рұқсатымен ғана орналастырылады.

Шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар, оның ішінде шетелдік БАҚ және халықаралық ұйымдар сайлау алдындағы үгіт жүргізуге қатыса алмайтындығын ерекше атап өтеміз.

Сондай-ақ сайлаушыларды белгілі бір кандидаттың пайдасына үгіттеуге мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде олардың лауазымды адамдарына, әскери қызметшілерге, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және судьяларға, сайлау комиссияларының мүшелеріне, діни бірлестіктерге тыйым салынады.

Азаматтарға қандай да бір тауарларды, қызметтерді, бағалы қағаздарды тегін немесе жеңілдікпен беруге, лотереялар, қайырымдылық акциялар өткізуге, ақша төлеуге немесе оларды беруге уәде беруге жол берілмейді.

4 қараша – тыныштық күні, 5 қараша – дауыс беру күні. Осы күндері кезкелген үгітке тыйым салынады. Бұрын орналастырылған барлық материалдарды сол орындарында қалдыруға болады.

Сайлау процесіне қатысушылардың сайлау алдындағы үгіттің тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: