04.03.2025
15:39
3337
Әкімді дәмханадан шыққан бойда атып кетті

Әкімді дәмханадан шыққан бойда атып кетті

Алтай өлкесінде аудан әкімін кафеден шыққан кезде атып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Завьялов ауданының басшысы Николай Онищенко оққа ұшты. Күдікті ұсталды – ол жергілікті тұрғын болып шықты.

SHOT мәліметінше, 45 жастағы Анатолий Фенин 51 жастағы Николай Онищенконы шамамен 30 минут аңдып, оны 14:30-да аңшы мылтығынан атып өлтірген. Кейін өзін-өзі өлтіруге әрекеттенген.

Қазір ол ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр, есін жиған соң тергеуге алынады. Қылмыс жасалған қару – МР-155 маркалы мылтық – Фениннің атына ресми тіркелген. Алдын ала болжам бойынша, Фенин мен Онищенко арасында шешілмеген дау болған.