«Әкім орынбасары ретінде хабарласқан». Алаяқ түрмеде отырып кәсіпкерден ақша алған

6 Қыркүйек, 17:00 520

Кәсіпкерден 50 млн теңге иеленген алаяқ сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өскемен қаласының соты алаяқтық жасағаны үшін бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан А.Әбдірахмановқа қатысты үкім шығарды.

Антикор мәліметінше, ол өзін облыс әкімінің орынбасары ретінде таныстырып, су тасқынының салдарын жоюға көмек көрсету мақсатында өңірдің ірі кәсіпкерлеріне қоңырау шалған.

Сотталушы бизнес субъектісіне одан әрі жеңілдіктер мен преференциялар беру сылтауымен кәсіпкердің 50 млн теңге сомасындағы ақшалай қаражатын иемденгені үшін кінәлі деп танылды. Сот үкімімен бұрын шығарылған жазаны қосу арқылы оған 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, - делінген мәліметте.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: